28.10.2020
Алматыда кинотеатрлар жұмыс істей бастады
2103
Алматы қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысымен 26 қазаннан бастап кинотеатрлар жұмысын жандандырды.
Қаладағы кинотеатрлар таңғы 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Адам саны залдың 30%-нан аспау керек және әлеуметтік қашықтық сақтау міндеттелген. Адамдар шахмат тәртібі бойынша отырғызылады деген шешім қабылданды. Кіре берісте қызметкерлер келушілердің қызуын өлшеп, масканың бар-жоғын тексеріп отырады. Залдар жүйелі түрде бактерицидті кварц шамымен өңделеді .
Айта кетсек, билеттердің бағасы 1 000-3 000 теңге аралығында болмақ.