Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.04.2021 Алматының көктемгі әсем көріністері
1586

Оңтүстік астана биылғы көктемде қайта түрленді. Қаланың ауасынан жауқазын мен көктемгі гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр. Жылы әрі жайлы күн райы қаланы әсем күйге бөлейтіндей... Сайраған құстардың дауысынан жанға жайлы музыкалық аспаптың сыңғырлаған үнін тыңдап отырғандай әсерде боласың. Қала тұрғындары бос уақытын табиғат аясында қызықты өткізіп жатыр: балалар асыр салып ойнап жатыр, қалалықтар отбасылық демалыс құрып, таза ауада волейбол ойнап жүр. Қазір көктемнің шуағына бөленіп, жылы күндердің рахатына бөленудің ең жақсы кезі.