Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.06.2021 Автошеру, Тумен фотоға түсу, патриотизмді көрсету: Қазақстандықтар Мемлекеттік рәміздер күнін қалай атап өтті
906

Бүгін барша қазақстандықтар үшін ерекше күн. Елде ең басты мерекелердің бірі – Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны  Мемлекеттік рәміздер күні тойлануда. Қазақстандықтар бұл күнді ерекше атап өтеді. Қолданылу аясы кеңейтілгеннен кейін, көк аспан түстес әрі алтынмен зерленген айрықша реңктегі Мемлекеттік Ту тұрғын үйлердің балкондарынан да желбірей бастады. Жүргізушілер мемлекеттік рәміздер белгісін автокөліктеріне жабыстырып алды. Өзінің патриоттық сезімдерін білдіре отырып, олар арнайы автошеру ұйымдастырды, кенептің барлық әдемілігін көрсете отырып, Тумен суретке түсті. Ел келешегі жастар да аға буынды қолдап, бұқаралық акцияға қосылды.