Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.07.2021 Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтілуде
1139

Жыл сайын шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша біздің халқымыздың өзіндік мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес. Жыл сайын бұл күні еліміздің түрлі аймақтарында мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Биыл Домбыра күні онлайн режимде өтілуде – қазақстандықтар әлеуметтік желілерде челлендждер ұйымдастыруда. Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күніне арналған концертке қатысты. Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, Елбасының бастамасымен домбыраны ұлықтау мерекесін өткізу игі дәстүрге айналғанын айтты. Президенттің айтуынша, құдіретті қос ішектің үнінде ұлы даланың жыры, бабалардың сыры сақталған. Халқымыз қуанышы мен қайғысын, арман-тілегі мен үмітін күй арқылы жеткізген. Мемлекет басшысы домбыраға тіл бітсе, тебіренбейтін қазақ жоқ екенін, қандастарымыз мекендейтін қай елге барсақ та, домбыраның қоңыр үні күмбірлеп тұратындығын атап өтті. Байтақ даланы дүбірлеткен күйшілердің асыл мұрасы – рухани қазынамыздың баға жетпес байлығы.