Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.07.2021 Астана күні: Қазақстанның бас қаласының негізі қалағанына 23 жыл толды
432

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандықтар мемлекеттік мереке – Астана күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Қазақстанның бас қаласының құрылғанына 23 жыл толды. Жаңа астана күн санап, жетіліп келеді – жаңа ғимараттар бой көтеріп, қала халқының саны өсіп келеді. Жылына Нұр-Сұлтанға 20 мыңға жуық адам келеді. 
Қазақ халқы үшін астана күнінің  орны бөлек және ол Қазақстанның жетістіктерінің символы іспеттес. 
Мерекеге орай түрлі іс-шаралар жоспарланған. Онда көптеген қонақтарды қарсы алады. Жалпы алғанда қала халқы мен қонақтары гала-концерттер мен спектакльдерді және өзге де қызықты оқиғаларды тамашалай алады.