Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.07.2021 Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
705

Бүгін елімізде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтердің тұрғындары өз әкімін сайлау үшін таңдау жасайды. 
Аумақтық сайлау комиссияларының дерегіне сенсек, бұл науқанда 1 209 817 сайлаушы дауыс береді. Бұл - 14 облыста тұратын сайлаушылардың 13 пайызы. 730 елді мекеннің әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланады. Қазақстанда бүгінде 2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін оның барлығы қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады.