Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

31.07.2021 Нұр-Сұлтанда «Таңбаларды сақтаушы» көрмесі өтіп жатыр
587

Қазақ халқы бағзы заманнан оттың, судың, тастың күшіне сенген. Қорғаушы саналатын тұмарды жүректің астына таққан. Жаңа үйге көшер алдында ашулы рухтардан тазарту жорасын жасаған. Сол себепті қазақ мәдениетіндегі әрбір бөлшек тұрмысты, кәсіпті және халықтың сенімін білдіреді. Ескі қазақ кілемдері, бесіктер, киіз үйлердің әрленген есіктері мен әдемі зергерлік бұйымдар – бәрінің ерекше мәні бар. Осы жәдігерлер суретші, коллекционер Сержан Башировтың Forte Kulanshi ArtSpace-тегі көрмесінде ұсынылған. Таңба сақтаушысының күміс пен алтыннан жасалған бұйымдары арқылы суретшінің әлеміне үңілдік. Ол дала мәдениетінің жарты ғасырға жуық салтын сақтайды.