Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.08.2021 EXPO қалашығында тыныс-тіршілік қалай жанданды
1528

Жаз мезгілі келісімен елорда тұрғындары әсем етіп безендірілген саябақтар мен аллаяларда қыдырып жүр. EXPO қалашығында да тіршілік жандана түскен, онда көпшілік назарына қазақстандық және шетелдік шеберлердің туындылары ұсынылған. Мұнда қоқиқаз, бұқа, компьютер пернетақтасы мен шинадан жасалған көлік дөңгелектері  түріндегі инсталляциялар мен фотокөрмені тамашалауға болады.  Өнер туындысының әрқайсысы аймақты ашық аспан астандағы заманауи галереяға айналдыра отырып, қалашықтағы теңдессіз шығармашылық ортаны сезінуге ммкіндік береді.