Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.09.2021 «Менің Қазақстаным»: Балалар бос уақытын тиімді өткізетін жоба ашылды
469

Ұлттық музейде балаларға арналған тиімді әрі қызықты мәдени-оқыту экпозициясы ашылды. Авторлар бұл жобаны «Менің Қазақстаным» деп атаған. Экспозицияға келген балалар мұнда археологиялық қазба жұмыстарын өздері өткізіп, қазақтың асүйімен таныса алады, ұлттық ойындар ойнап, қазақтың салт-дәстүрлері туралы баяндайтын роликтерді тамашалайды. Экспозициялық жобалар балаларға көне заттарды өз көздерімен көріп, оларды қолмен ұстауға мүмкіндік береді. Бұл – балалардың өз халқының тарихы мен мәдениетін жақсырақ тануға арналған жоба.