Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.09.2021 Елорда әуежайында қауіпсіздікті иісшіл иттер қалай қамтамасыз етеді
565

Әуежайда адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кинолог мамандар мен үйретілген иттердің рөлі зор. Олар күнделікті тексерістен тыс, қауіпті, жарылғыш зат немесе қараусыз қалған белгісіз зат туралы хабар келіп түскенде дереу іске кіріседі. Кинологтар қандай жағдайда жұмыс істейді және иттерді қалай үйрететіні туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының инспектор-кинологы Азамат Базарбаев айтып берді. Кинолог мамандардың айтуынша, үйретілген ит орташа есеппен 6 жыл қызмет етеді. Және бүгінде елорда әуежайында 4 кинолог маман жұмыс істейді. Кинолог маманның жұмысы мен үйретілген иттердің қызметі туралы толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыздар https://lenta.inform.kz/kz/iisshil-it-kalay-tandalyp-kyzmetke-uyretiledi_a3835124