Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.09.2021 Балшықпен емдеу – мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуда нағыз көмек
575

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамның қызмет етіп жатқанына 22 жылдан астам уақыт болды. Мұндағы мамандар оңалту барысында балаларға шығармашылық әлеуетті ашып, дағдыларын дамытуға көмектеседі. Шағын ғана кабинеттер нағыз шеберханаға айналған. Балалар осында сурет салуды үйреніп, аппликациялар құрастырады, қыш-құмыра өнерінің қыр-сырын таниды. «Ерекше» балалардың ермексаз бен балшықтан өз қолдарымен жасаған қуыршақтары, түрлі бұйымдар – бұл жердегі ең бағалы заттар.