Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

22.09.2021 Алматы облысында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
562

2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында Қапшағай қаласынан төмен «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий  Викторович Ильиннің басшылығымен өтті. Оған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары – ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары, Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ төтенше ведомстволарының авариялық-құтқару қызметтері қатысты.  Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты бірінші кезекте азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Алматы облысындағы ықтимал қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға әзірлік деңгейін және қабілетін арттыру. Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 15 000-нан астам адам мен 1 000-нан астам техника тартылды. «Жер-2021» ХКШО қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, құтқару бөлімшелерінің қиратушы жер сілкінісі салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығына баға берілді, төтенше қызметтердің жұмысын одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.