Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.09.2021 Елордада ақын-жазушыларға арналған көрме-мұражай бұрышы ашылды
444

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен олардың шығармашылығына арналған көрме-мұражай бұрышы ашылды. Көрме-мұражай бұрышы 2 бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кітап түріндегі инсталляция қойылған. Және оған «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай поэзия пайғамбары» деп жазылған. Екінші бөлім «Рухты қалам қайраткерлері» деп аталады және ол қазақ әдебиеті қайраткерлерінің шығармашылығына арналған. Ол жерде ақын Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Шерхан Мұртаза, Хамит Ерғалиев, Тұрсынбек Кәкішев, Дүкенбай Досжан, Қадыр Мырза Әли, Нұрғожа Ораз, Қажымұқан Мұхамбетқалиев, Оралхан Бөкей, Ақұштап Бақтыгереева, Ханбибі Есенғарақызы және қазақ жазушыларының шығармалары орын алған.