Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.10.2021 Елордада АӨІСШК штаб-пәтерінің ашылу салтанаты өтті
1023

Нұр-Сұлтанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының жаңа кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына АӨІСШК сыртқы істер министрлері, оған мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Жаңа кеңсе Қазақстан астанасындағы ЭКСПО халықаралық көрме кешенінің заманауи ғимаратында орналасқан және барлық қауіпсіздік талаптарына, заманауи технологиялық және инновациялық стандарттарға сәйкес келеді.