Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.10.2021 Атырау сахнасында Алтын орда тарихы көрсетілді
622

Атырау облысы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Алтын орда хандығының 750 жылдығын мерекелеу аясында «Айбыны асқан Алтын Орда» театрландырылған композициясы ұсынылды. 
Қойылым атыраулық режиссер Жанат Телтаев пен көркемдік жетекші Темірбек Мұхтаровтың басшылығымен дайындалған. 
Көрерменге LED-экранда деректі фильм көрсетілді. Этнофольклорлық ансамбль жанды дауыспен музыкалық шығармалар орындады. Сахнада Алтын Орда тарихы жанданды. Сондай-ақ Сарайшықтың танымал аңызы – алтын қайықтың ішіне жерленген ханның жас қызы, Алтын Орда хандарының көтерілісі, Ұлы Жібек жолының әлем  тарихындағы маңызы көрсетілді. Сондай-ақ көрермендер қазақ хандығы туралы «Алтын Орда мұрагері – Қазақ хандығы» театрландырылған композицияны тамашалады.