Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.11.2021 Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты ортағасырлық жазба деректер көрмеге қойылды
697

Бүгін Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығында көрме өтті. Атап айтқанда, онда қазақ мемлекетінің қалыптасуына қатысты ортағасырлық жазба деректер көрсетілді. Көрме залы бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – Түркі қағанаты кезеңі. Одан кейін Қарахандар дәуірі, Алтын Орда және Қазақ хандығы кезеңдерін қамтиды. Сондай-ақ көрмеге орталықтың қорындағы сирек кітаптар, хандар жазған хаттар және қазақ мемлекетінің тарихына қатысты карталар (көшірмелері) ұсынылды. Мысалы, Энтони Дженкинсонның картасы, Қадырғали Жалайыридің «Жамиғ ат-тауарих», және т.б. шығармалар бар.