Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.11.2021 Қалалық мәслихат депутаттары учаскелік полиция пункттерін аралады
427

«Қазақстан полициясының сервистік моделі» жобасын жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттары елорда полициясының бірқатар нысандарын аралады. Олардың арасында жаяу жетуге болатын және полицияның азаматтардың өтініштеріне уақытылы әрі сапалы әрекет етуді қамтамасыз етуге, қылмыстан қорғау тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін учаскелік полиция пункттері, модульдік үлгідегі тұрақты посттар бар. Пресс-тур барысында астана полицейлері SOS батырмасының қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Бүгінде елордада 13 SOS дабыл батырмасы орнатылған.