Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.11.2021 Ұлттық музейде «Бөкей ордасы – ел мұрасы» атты көрме ашылды
518


Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей Ордасының 220 жылдығы, сондай-ақ Қазақстандағы тұңғыш мектеп – Жәңгір хан ашқан білім ордасының 180 жылдығын мерекелеуге орай «Бөкей ордасы – ел мұрасы» атты көрме ашылды.  
«Бөкей Ордасында  осы 220 жылда қаншама оқиға болды. Жәңгір ханның бастамасымен тұңғыш орыс-қазақ мектебі ашылды. Еліміздегі алғашқы емхана да осы жерде ашылып, банк ісін дамыту қолға алынды, орман егілді. Бөкей ордасы – батыр қыз Мәншүк Мәметова, күй атасы Құрманғазы, Дина, Сейтек сынды танымал тұлғалардың туған жері. Қазақ даласынан шыққан тұңғыш генералдардың да кіндік қаны тамған жер – Бөкей Ордасы».