Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.11.2021 Елордада екі күндік «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды
490

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында практикалық оқу-жаттығу іс-шаралары өтіп жатыр. Онда зардап шеккендерді эвакуациялау, жолды тазалау, жоғалған азаматтарды іздеу, жылыту пункттерін әзірлеу және медициналық, психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оқу-жаттығуға қаланың Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, азаматтық қорғау, жедел жәрдем, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, барлығы 32 мекеменің мамандары қатысып отыр. Айта кету керек, оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметінің қысқы кезеңге дайындығы тексерілуде.