Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

14.11.2021 Алматылықтар тауда қалай демалады
632

Әсем Алматының басты байлығы – таулар. Алматы таулары жергілікті халықты ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген, тіпті жер жаһаннан жиналған жұртты әрдайым тамсандырып тұрады. Тек жазда ғана емес, жыл он екі ай әр демалыс күндері бұл жер туристерге лық толы болады. Ал қыста мұнда адамдар негізінен шаңғы не сноуборд тебуге келеді. Жаңа тау-шаңғы маусымының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін нағыз мерекеге айналды. Мұны «Шымбұлақ» шипажайына келген меймандардың көңіл-күйінен-ақ байқауға болады. Алматылықтардың біразы алты ай жазда шаңғыны сағынған болса, енді біреулер тұмса табиғатты тамашалауға келіпті. Шымбұлаққа жиналған жұрттың айтуынша, шаңғы тебу денсаулыққа пайдалы, оны жас та, кәрі де кез келген уақытта үйреніп ала алады.