Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

17.11.2021 Нұр-Сұлтанда балалар мен жасөспірімдерді вакциналау қалай өтіп жатыр
605

15 қараша күні елімізде 12-18 жас аралығындағы балаларды вакциналау науқаны басталды. Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі кезде 3 мыңнан аса бала Pfizer вакцинасын алған. Вакциналау жоспарлы және жүйелі түрде жүріп жатыр. Ол үшін ата-ана келісімі мен дәрігердің рұқсаты міндетті. Вакцинаны медициналық ұйымдарда, сонымен қатар мектептерде жұмыс істейтін екпе пунктілерінде салдыртуға болады. Айта кетейік, мектептерде ата-анаға түсіндіру жұмыстары, сынып сағаттары және сауалнама жүргізілуде.