Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

02.12.2021 Алматыда «ETU Robocon 2021» роботтар байқауы өтіп жатыр
568

Алматыда жоғары оқу орындары арасында робототехникадан «ETU Robocon 2021» ІІ республикалық чемпионаты өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын дамыту аясында жүзеге асырылуда. 
Жарысты ұйымдастырушы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры. Жобаның мақсаты - талантты жас қазақстандықтардың стартап құру, инновациялық шешімдер әзірлеу, бағдарламалау, инженерия сияқты жаңа технологиялар мен робототехника саласындағы білімдерін жетілдіру.