Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.02.2022 Мета-Әлем: Елордада заманауи қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды
706

Суретшілерді ренжітуге болмайды, дейді галерея иесі Лейла Махат. Әркімнің өз стилі мен қолтаңбасы, өмірге және Әлемге деген көзқарасы бар. Одан бөлек суретшінің бойындағы бүкіл эмоциясын қағазға түсіріп, жұртшылыққа паш ететін арт-алаң болады. Бүгін елорда қауымы Kulanshі заманауи өнер орталығында өткен сурет көрмесінің арқасында қазіргі жаңа жас суретшілермен танысты . Kulanshі кураторлық кеңесінің төрағасы, суретші Лейла Махат осы өнер алаңында жас қылқалам шеберлеіне өз туындыларын көрсетуге бірегей мүмкіндік берді. Көрмеге кескіндеме және графика бойынша 86 жұмыс қойылған. Олардың авторлары – суретшілер Алмас Нұрғожаев, Әнуар Шаймергенов, Сәулет Жәнібек, София Тейдер, Нұрболат Асқар, Аруай Тасмағанбетова, Дархан Бегдатул, Стас Агапитов, Айтжамал Тастамбекова.