Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.05.2022 Шейх Зайд мешіті - әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі
774

«ҚазАқпарат» ХАА тілшілері Абу-Дабиде орналасқан әлемге әйгілі шейх Зайд мешітіне барды. Қасиетті Рамазан айында әлемнің ірі мешіттерінің бірінің фотосуреттерімен танысуды ұсынамыз.

Алты ай ішінде мешітке әлемнің түкпір-түкпірінен 1,2 миллионнан астам адам келді. Ол бір уақытта 40 мың адамды қабылдай алады. Басты намазхана залында 7 мың адам дұға ете алады. 

Мешіт әртүрлі мөлшердегі 82 күмбезден тұрады, ал ең үлкені негізгі намаз оқу залының ортасында орналасқан. Македондық мәрмәрмен қапталған ғимарат әсіресе ашық ақ түсімен танымал. Залдар мен фойеде Германиядан әкелінген жеті хрусталь люстра орнатылған. Ең үлкен аспалы шам негізгі намаз оқу залында орналасқан және оның салмағы шамамен 12 тонна. Басты намаз оқу залында әлемдегі ең үлкен қолдан жасалған кілем бар. Оның жұмысына 1 200-ден астам шебер қатысқан.
Мешіт Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті шейх Зайд ибн Сұлтан ан-Нахаянның есімімен аталған.