Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

19.05.2022 ҚР Ұлттық музейінде «Музейдегі түн» өтті
515

Пандемиядан кейін ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет «Музейдегі түн» акциясы өтті. Акцияның тақырыбы «Музейлердің құдыреті» деп аталуы да тегін емес. Себебі ол кескіндеме, мүсін, ән өнері сияқты мәдениеттің сан алуан түрлерін біріктірді. Келушілер үшін ХХ ғасырдағы классикалық суретшілердің тұрақты көрмесі ашылды.  Көрмеге 45-тен астам картина мен 15-тен астам мүсін қойылған. Бұл кешті танымал жұлдыздар гид болып жүргізетіні игі дәстүрге айналып кетті. Белгілі жас әнші Рухия Байдүкенова, әнші Бейбіт Қорған, танымал тележүргізуші Әйкерім Есенәлі, әнші Севда Әлиева, сондай-ақ тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей құнды жәдігерлер туралы толығырақ айтып берді.