Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.05.2022 Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
1155

Бүгін Қазақстан мектептерінде 3,5 млн оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды. Оның ішінде 170 мыңнан астам қазақстандық түлек мектеппен қоштасты. Соңғы екі жылда алғаш рет оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын мектеп қабырғасындағы барлық сыныптар үшін өткізілді. Іс-шараға ата-аналар да қатыса алады. 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау ата-аналардың қатысуынсыз таза ауада өтті, ал 2021 жылы соңғы қоңырауды дәстүрлі форматта өткізуге 9 және 11 сынып түлектеріне ғана рұқсат етілген еді.