Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.05.2022 Қазақстандықтар Әзербайжандағы Teknofest фестиваліне қатысты
1110

26-29 мамырда Әзербайжанда Баку теңіз жағалауы бульвары аумағында алғаш рет Teknofest авиация, ғарыш және технологиялар фестивалі өтеді. Әзербайжан технологиялық университетінде (UTECA) оқитын қазақстандық студенттердің Rosol мина іздегіш жобасы Teknofest Azerbaijan фестиваліне келген меймандардың қызығушылығын тудырды. Байқауға қатысушы қазақстандықтар Сәрсен Ибраев пен Сымбат Ықыласова Әзербайжан технологиялық университетінің (UTECA) үшінші курсында «Компьютерлік инженерия» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Біздің отандастарымыз Әзербайжанның басқа студенттерімен бірге фестивальде Rosol жобасын ұсынды. Студенттердің айтуынша, Rosol (Robot Solider) – бұл мина анықтауға және бейтараптандыруға арналған көп функциялы робот. Ол қазіргі құрылғыларға қарағанда үнемді, құрастыруы оңай, ең бастысы адам факторы жоқ.