Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.06.2022 Қазақстанда республикалық референдум өтті
1155

Бүгін елімізде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтті. 
Соңғы рет Қазақстанда референдум 27 жыл бұрын – 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткен еді. Қазіргі референдумда Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізілетіні белгілі.
Таңертеңнен бастап азаматтар белсенді түрде дауыс беруге кірісті. Таңертең Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері де өз дауыстарын берді. 
Орталық референдум комиссиясының соңғы деректері бойынша 2022 жылғы 5 маусымдағы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша бюллетеньдерді тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 67,65% -ы алған. Референдумда алдын ала есептеулер бойынша 8 миллионға жуық қазақстандық дауыс берген.
Сағат 20:00-де еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 референдум учаскесі жұмысын аяқтады және аумақтық референдум комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісіп кетті. Сондай-ақ 10 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының елшіліктері жанында ашылған 17 учаскеде дауыс беру аяқталады.
Республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылды. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске де бар.