Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.08.2022 Самарқан фотографтың көзімен: басты көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштер
513

Самарқанның тарихы екі жарым мың жылдан асады. Көптеген тарихи ғимараттар XV—XVII ғасырларға жатады, сол кезде Самарқан Әмір Темірдің және одан кейінгі мемлекеттердің астанасы болады. Қала ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Қыркүйек айында Самарқанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді деп күтілуде, сондықтан Ұйымға мүше мемлекеттердің фотографтары Самарқанның көрікті жерлерін, тарихи ескерткіштерін камераға түсіріп қайтты. Регистан алаңы, Гүр-Әмір кесенесі, Бибі Ханым мешіті, Афрасиаб қалашығы, Шахи Зинда мемориалдық кешені – Самарқанның басты көрікті жерлерінің бір бөлігі ғана.