Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.10.2022 Үркер-2022 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды
0

Елордада баспасөз, радио және интернет журналистика саласындағы URKER-2022 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Лауреаттарды марапаттау рәсімі  «Қазмедиа орталығында» өтті.
URKER сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау Astana Media Week аясында өткізілуде.
Биыл байқау 13 номинация бойынша өткен. Оның ішінде медиа саласының дамуына қосқан үлесі баға жетпес көрнекті тұлғалардың құрметіне арналған үш арнайы жүлде бар.
Жеңімпаздардың толық тізімімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.inform.kz/kz/urker-2022-zhenimpaz-zhurnalisterdin-esimi-belgili-boldy_a3995576
Жеңімпаздарға арнайы сертификат, URKER мүсіншесі және 1 млн теңге ақшалай сыйлық берілді.