Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.10.2022 Алматы күзі – көз тоймайтын көрініс
0

Бұл – ерекше әдемі сурет түсіріп, табиғат тылсым сұлулығына тағы көз жеткізетін жыл мезгілі.
Тек Алматының емес, бүкіл Қазақстан символдарының бірі саналатын «Көктөбе» саябағы – нағыз көңілді уақыт өткізетін орын. Теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан бұл жерде отбасымен серуендеген адамдарды, туристерді, жастарды көптеп кездестіре аласыз. Қол ұстасқан ғашықтар бұл жерде күннің батуы мен таң атқан сәттерді тамашалап жүреді.
Еліміздің ең ірі қаласының түні де, таңы де салқын. Қазан айының бірінші жартысында негізінен қысқамерзімді жауын-шашын болған. Ал  соңғы күндері күн сайын дерлік жаңбыр жауып тұр.