Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.11.2022 Білім мен сөздің құдыреті: Шарджадағы халықаралық кітап жәрмеңкесі қалай өтті
0

Араб елдерінің кітап астанасы атанған Шарджа қаласы әлемнің түкпір-түкпірінен кітапсүйер қауымның басын қосты.
Бұл жерде «электронды кітаптар дәстүрлі қағаз кітаптың орнын басты, ал цифрландыру заманы мен пандемия әдеттегі өмірімізді өзгертті» деген стереотип жойылды. Керісінше, жалпы кітап басып шығарудың, редактор, жазушы, кітапханашылар еңбегінің қаншалықты маңызды екені  сезінді.
Жәрмеңкеге арнайы келген қонақтар, халықаралық ұйымдардың өкілдері індеттен кейінгі өмірді, кітап пен кітапханашылардың жағдайын, араб әдебиетінің дамуын және т.б. қызу талқылады.
Ал көрмеге келушілер саналуан түрлі тілде жазылған кітаптарды сөмкелеріне салып әкетіп жатыр.  
Шарджа кітап басқармасы көрменің танымдық және қызықты болуы үшін барлық жағдай жасаған – мұнда танымал жазушылар кездесулерін өткізіп, жас оқырмандарды кітаптарының сүйікті кейіпкерлерімен таныстыруда.
Толығырақ мына материалдан оқи аласыз: https://www.inform.kz/ru/kakie-strany-predstavili-svoyu-knizhnuyu-produkciyu-na-sharjah-international-book-fair_a4000788