Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.01.2023 Шымкентті ақ ұлпа қар басты
0

Шымкентте қалың қардың түсуі өте сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан болар, жергілікті тұрғындар отбасымен бірге қала сыртына шығып, сырғанақ теуіп жүр. Көтеріңкі көңіл күйге бөленген шымкенттіктер мен қалың қар басқан Шымкент көшелерін ҚазАқпарат фототілшісі суретке түсіріп қайтты.

Шымкенттегі қар қалыңдығы 30 см-ден асты. Мамандардың сөзінше, көктайғақтан құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінушілер екі есеге көбейген. Қалада көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған. Дегенмен, коммуналдық сала қызметкерлері жолдарды ашу жұмыстарын тәлік бойы атқарып шықты. Күшейтілген режимде жұмыс істеген мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 
Қатты аязға қарамастан шымкенттіктер қала сыртындағы биік қырға шығып, сырғанақ тепті. Ересектер шанаға отырып балалық шағын еске алса, кішкентай ұл-қыздар үшін бұл күн қыстың қызықты күндерінің бірі болып есте қалды.