Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.02.2023 Астанада Tartyl Fest турнирінің гранд-финалы өтті
0

Астанада Tartyl Fest турникке тартылу жарысы бойынша республикалық турнирдің гранд-финалы өтті. Гранд-финалға өңірлік іріктеу жарыстарында үздік нәтижелерге қол жеткізген 170 спортшы қатысты. Гранд-финалдың жалпы жүлде қоры - 54 млн теңге. Жеңімпаз 3 млн теңге алады, екінші орын үшін жүлде 2 млн теңгені құрайды, ал үшінші орын алған жүлдегерге 1 млн теңге беріледі. Бұдан басқа, гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғай алады. 2022 жылы турникке тартылу жарысы еліміздің 20 қаласында өтті, онда қатысушылар тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті. Тартылу саны бойынша рекорд (52 рет) тараздық 33 жастағы Евгений Намға тиесілі. Толығырақ келесі материалдан таныса аласыз https://www.inform.kz/kz/tartyl-fest-tarazdyk-evgeniy-nam-rekord-ornatty_a4037352