Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.05.2023 Алматы тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
0

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді. Дәстүр бойынша, бұл күні қалада жәрмеңке, концерт және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді. Республика сарайының алдындағы Абай алаңында үлкен қалалық концерт өтті. Шараны "ЖасStars" тобы мен ҚР Мемлекеттік "Салтанат" би ансамблі орындаған "Қазақстан - достық бесігі" вокалдық-би композициясы ашты. Сондай-ақ, көрермендер үшін қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті. Салтанатты шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысты. Мереке күні халықаралық байқаулардың лауреаты - Зарина Хасаншина, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанет Бутерус өз композицияларын орындады. Сахнада кәріс, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк және басқа да ұлттық билер орындалды. Абай алаңында Қазақстанда тұратын этностардың тағамдар фестивалі өтті: 15 мейрамхана жиналған жұртқа қазақ, кәріс, грузин, орыс, ұйғыр және үнді ұлттық тағамдарын ұсынды.