«Нұр Әлем» сферасы ЭКСПО кешенінің дәл ортасында орналасқан
Халықаралық мамандандырылған көрме кезінде «Нұр Әлем» халық ең көп барған нысан болды. Шар тәрізді шыны ғимараттың диаметрі 80 метрді құраса, биіктігі - 100 метрге жетеді. Бұл сфера жаңа өмірдің басталуын, мәңгілік өмірді бейнелейді. Шар құрылысында біздің суыққа төзімді ерекше шыны қолданылған. ЭКСПО-2017 кезінде сфера күн мен желден алынған электр қуатымен өзін-өзі қамтамасыз етті. Футуристік шар енді Болашақ музейі ретінде келушілерге қызмет етеді. Ғимарат 8 қабаттан тұрады және әрбір қабат күн, жел, су энергиясы, биомасса сынды баламалы энергия көздерінің белгілі бір түрлеріне арналған.
Бүгінде «Нұр Әлем» павильоны - Астананың ең жаңа әрі көрікті ғимараттарының бірі.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик