Астанадағы монумент тің қала символы атануы кездейсоқ емес.
Астананың жаңа бөлігінің дамуы Бәйтерек эскизінен басталды. Президент қасиетті «Самұрық» құсы туралы ежелгі қазақ аңызына сүйеніп, осы алып ескерткіштің эскиз-нобайын сызып берді. Бәйтерек – ежелгі түркі аңызындағы Өмір ағашы. Оның басында алып құс Самұрықтың ұясы орналасқан. Жобаның авторы - Ақмырза Рүстембеков. Бәйтерек темір, шыны және бетоннан тұрғызылған. Ол 500 қада діңгекке тіреледі. Темір құрылымның биіктігі 97 метрді құрайды. Дәл осы 1997 жылы елорданы Алматыдан Астанаға көшіру басталған болатын. Мұнда «Аялы Алақан» көркем композициясы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының қолтаңбасы және «Бата» композициясы орналасқан.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик