Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.06.2018 Астанадағы «Барыс-Арена» -спорттың барлық түріне арналған алаң
1292

Көпфункционалды «Барыс-Арена» спорт кешені  Астана қаласында xай-тек үлгісінде бой көтерді.


Ғимараттың пішіні шайбаға ұқсайды. Төбедегі куб, айналадағы лед-экрандар, комментаторлық бөлмелер, баспасөз орталығы - бәрі-бәрі кең әрі ыңғайлы. Сондай-ақ төбедегі дәмханада отырып, хоккей матчтарын көруге болады. Жаңа аренада балалар мен жасөспірімдерге арналып бөлек мұз айдыны салынған. «С» блогында халықаралық жарыстарды өткізуге лайықты олимпиадалық  жүзу бассейні бар. Ұзындығы - 50 метр, ені - 25 метр. Он жолақ бар. Екінші жағында секіру мұнаралары мен трамплиндері бар тағы бір бассейн орналасқан. Спорт кешенінде хоккей жарыстарынан бөлек, баскетбол, аралас жекпе-жек және тағы басқа мәдени-спорттық шаралар өтіп тұрады.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик