Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

30.08.2018 Жұрт асыға күткен бокстың рематчы қыркүйекте өткізіледі
1919

GGG мен Сауль Альварестің рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді 



Алда олардың екінші айқасы болады. Екі боксшының тең аяқталған даулы жекпе-жегіне нүкте қоятын рематч мерзімі таяп қалды.

«Барлығы осы айқас туралы айтып жатыр, өйткені ол алғашқысынан да маңызды. «Канелоның» оң нәтиже көрсеткен допинг тестінен кейін де көп айғау-шу шықты... Головкин ашулы, «Канело» да ашулы –  яғни тартысты жекпе-жек болары анық! Өйткені «Канело» нокаутқа жіберемін деп отыр. Алайда ол айтқанына сай айқасса да біз үшін экшн көбірек болар еді», - дейді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Canal de Boxeo-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, былтыр қыркүйек айындағы бірінші айқас тең нәтижемен аяқталып дау туған еді.