Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.09.2018 GGG Канелодан жеңіліп қалды
2496

Лас-Вегаста қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы матч-реванш болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»




Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жекте қарсыластар аянып қалған жоқ. Головкин мексикалық боксшыға бірнеше жойқын соққы жаудырғанымен, жылдам қимылымен көзге түскен Альварес те соңғы раундта шеберлігін паш етті . Еске сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын қос боксшы Лас-Вегаста кездесу өткізіп, төрешілердің шешімімен тең түскен болатын. Алайда көптеген бокс мамандарының пікірінше, Головкин сол матчта қарсыласынан басым түскен болатын.