Egov.kz сайтында ҚР ІІМ басшысы бұйрығының жобасы жарияланды
Аталған құжатта қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылады. Көлікті тіркеу туралы куәліктерге енді чип орнату жоспарлануда. Бұйрық жобасына сәйкес, ҚР-да жаңа техникалық төлқұжаттар енгізу жоспарланған. Қазақстандық жүргізушілер оларды 2019 жылғы қаңтар айынан бастап ала алады. Сондай-ақ, жаңа техникалық төлқұжаттардың көлемі де шағын болып өзгереді. Жаңа төлқұжаттарда ультракүлгін қорғаныс бөлшектері де пайда болады. Интегралдық микросхемада көлікті тіркеу кезіндегі барлық мағлұматтар жазылады. Бұл құжатты жария түрде талқылау 2 қазанға дейін жалғасады.
Видео: Ахмедин Жансерик