Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

17.10.2018 Елбасы Жолдауы: инновациялар мен жасанды интеллект — басты назарда
795

5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады 


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, инновациялық және сервис секторларын дамытуға ерекше назар аудару қажет. Ең алдымен, «болашақтың экономикасының»: баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер. Заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және т.б.  
бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады, деп есептейді Елбасы. Үкімет пен Назарбаев Университетіне нақты жобаларды анықтай отырып, Әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу тапсырылды. Университет базасында жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен айналысатын ҒЗИ құру сондай жобалардың бірі болады.
Видео: Ахмедин Жансерик