Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.10.2018 Елбасы: Жолдауы: медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру
647

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады


Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет Басшысы учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев кезектерді азайтып, бюрократияны жойып, сапаны арттыратынын атап өтті. 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек. Бұл туралы Қазақстан Президенті халыққа арнаған Жолдауында атап өтті.
Видео: Ахмедин Жансерик