Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.11.2018 «ҚазАқпарат» ХАА «Астана» телеарнасымен бірлесе ұсынады: ҒАЖАЙЫП ҚАЗАҚСТАН
4729

 «ҚазАқпарат» ХАА Астана телеарнасымен бірігіп «Ғажайып Қазақстан» деректі фильмдер топтамасын түсірді. Жақында бірегей жобаның алғашқы сериясы көрерменге жол тартты


«Ғажайып Қазақстан» -  бұл қазіргі Қазақстанның құпиясы ашылмаған табиғаты, тылсым күшке және шешілмеген жұмбаққа толы ғажайып орындары, сондай-ақ жаратылысы ерекше адамдар. Түсіру тобы Қазақстанның әр түкпірінде болып, шалғай ауылдардағы адамдармен тілдесті. Құс қанаты ғана жететін тұмса табиғатты таспаға түсірді. Сонымен қатар, өмір жолы өзгеге үлгі боларлық қарапайым тұрғындар да фильмнің басты кейіпкері атанды. Шындығында, бұндай жандардың әрбірінің тағдыры тұтастай бір фильмге арқау бола алады. Соның бірі осы фильм. Көз жанарынан айрылған соң қаладан ауылға келген Серік есімді жігіттің өмірі өзгелерге еш ұқсамайды. Ол несиеге сатып алған 8 ешкiмен тауға кетiп, қойды құлағына қоңырау байлап бақты. Соның дыбысымен, ауа қысымымен, желдің бағытымен тау iшiнде адаспай өмір сүріп жатыр. Видеочерк жұрт көңілінен шығады деген ойдамыз. Өйткені «Ғажайып Қазақстан» -  эстетикалық талғамы жоғары көрермен үшін пайдалы ақпаратқа толы танымдық дүние!