Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.12.2018 Алматыда суық су арзандайды
1267

2019 жылдан бастап Алматыда суық судың тарифі 10 пайызға төмендейді


«Алматы су» РМК ресми өкілі Серік Шағыровтың айтуынша. Алматыдағы қазіргі тариф 4 жыл өзгерген жоқ. 1 қаңтардан бастап тариф өзгереді. 55 теңге 56 тиын болған 1000 литр судың бағасы енді 50 теңге болмақ. Тарифтің арзандауы су тартуға да әсер етеді, деп атап өтті Серік Шағыров. Кәріз тарифі 28,8 теңге болса, қаңтардан бастап 25,7 теңге болады. Тарифтерді төмендету шығындарды оңтайландыруға, бизнес-үдерістерге, энергия үнемдеуге байланысты, деп түсіндірді компаниядан. Сондай-ақ холдингтің 400 қызметкерінің жалақысын көтеру ұсынылды.
Видео: Ахмедин Жансерик