Телефон: +7 (7172) 489-074
Эл. почта: foto1@inform.kz
Концертте Өзбекстан және Қазақстан халық әртісі Фаррух Закировтің, Өзбекстанның еңбек сіңірген «Ялла» ансамблінің, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртістері Фуркат Ашуралиев пен Элмурод Ахмедовтің, Юлдуз Турдиеваның тобының орындаған қазақ және өзбек халық әндері шырқалды, сондай-ақ «Узбегим» тобының, «Тумор» және «Навбахор» би ансамбльдерінің өнерлері көрерменнің көңілінен шықты.«Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында түркі әлемі халықтарының әлемдік өркениетті алғашқы құрушылардың бірі болғанын нықтап айтты. Қазір біз ерекше заманда өмір сүріп жатырмыз. Біз түркі әлемінің, Ұлы Жібек жолының жаңаруының куәсі болып отырмыз. Қазір мемлекет басшыларының арқасында Қазақстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасына әлем қызығады. Бұл тек экономикалық тиімді байланыстар ғана емес. Бұл - тығыз қарым-қатынастың арқасында әлемдік жетістіктерге қолжеткізген мемлекеттер. Бауырлас елдерге тек қана алға қадам басуды тілейміз», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.