Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.01.2019 БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылатын болады
1206

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылатын болады


Қолданыстағы заңға сәйкес, жеке тұлғалар есепшот ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне барып, өтініш жазатын. Енді жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ-ға түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есепшот ашылады. Бұл механизм БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап жұмыс істейді. Өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асуы тиіс. Жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады.
Видео: Ахмедин Жансерик