Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

26.09.2021 ​Еңбек күні Қазақстанда атап өтіледі
469

Еңбек күні қарсаңында мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында Елбасының кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.
 
 
 
Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды. 2013 жылдың қарашасында бекітілген мереке өндіріс саласының беделін өсіріп, ел игілігі үшін бағытталған ортақ жұмыстың маңыздылығын насихаттауды көздейді.
 
«Әлемдегі өмір сапасының жоғары үлгісіне жету мүддеге сай еңбекті талап етеді», - деді Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында.
 
Тәуелсіз Қазақстан – еңбек мектебінің негізін қалаған ел әулеттерінің отыз жылдық ұмтылысының жемісі.
 
«Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет білдіреміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деді мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.
 
Еңбек күні қарсаңында мемлекеттің әлеуметтік жаңғыруына үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында Елбасының кітапханасы арнайы бейнеролик дайындады.