Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.12.2021 Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл
528

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бейнеролик дайындады. 30 секундық бейнероликте тарихи ретроспектива, біртұтас мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне деген бағдары бейнеленген.
 
  
 

«Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық!», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

 
Мемлекеттік егемендік – қазақ халқы ұрпағының шындыққа айналған арманы, ең басты игілік. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы – бұл қалыптасу кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, өз әлеуетін дұрыс пайдалана білген біртұтас халықтың лайықты да күрделі жолы.
 
Қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси даналығының арқасында қазіргі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, халықаралық беделге ие болған аймақтық көшбасшы.
 

«Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев.

 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы -  Біз барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Байтақ жеріміздегі әр отбасы бақыт пен шаттыққа кенелсін!