Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.01.2022 Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
517

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің тұрақтылығын шайқалтпақ болған террористік және қылмыстық әрекеттермен күрес мәселелері талқыланды. Іс-шараға Парламенттің қос палатасының басшылары, Премьер-Министрдің міндетін атқарушы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы, ҰҚК төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрлерінің міндеттерін атқарушылар қатысты.



Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанға нағыз террористерді айдап салған күштерді атады.